Мектепте оқушылардың тамақтану сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізілді. Бракераж комиссиясы бекітілген жоспарға сәйкес асхананың санитарлық жағдайын, дайын тағамдардың сапасын, мәзірдің талаптарға сәйкестігін және азық-түлік өнімдерінің сақтау мерзімін бақылап отырды. Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті актілер толтырылып, анықталған ұсыныстар мен ескертулер бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар оқушыларды сапалы әрі қауіпсіз ыстық тамақпен қамтамасыз етуге бағытталды.
