Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Жыланбұзған" жалпы білім беретін мектебі"
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің "Жыланбұзған" жалпы білім беретін мектеп" КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жыланбұзған" жалпы білім беретін мектебі"
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің "Жыланбұзған" жалпы білім беретін мектеп" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-jylanbuzgan.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.74): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/tolebi-jylanbuzgan.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты Жыланбұзған жалпы орта мектебі 1998 жылы Ташаев Кенжебай ата, ұлдары мен ескі бала бақшаны өз ақшасына сатып алып, жөндеу жұмыстарын өткізіп, бастауыш мектебі болып ашылған.

2000 жылы 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебі болып ашылды.

2000-2014 жылдар аралығында 1948 жылы салынған ескі ғимарат пен мұғалімдер мен ауыл тұрғындарының асар жолымен салынған ыңғайластырылған ғимаратта оқушылар білім алды. Мектеп ашылған уақытта елді мекеннің тұрғындары өзбек және күрді халқы болғандықтан мектеп өзбек тілде оқытылды. 2017 жылдан бастап мектепте қазақ сыныптары ашылып, өзге ұлт балалары қазақ сыныптарда білім ала бастады. Мектептің алғашқы түлектері 2004 жылы мектепті бітіріп шықты.

2014 жылы мектеп жобалық қуаты 300 орынға арналған типтік жаңа ғимарат қолданысқа беріліп, білім ордасы сонда көшіп өтті.

Түркістан облысы,Төлеби ауданы, Сұлтан рабат ауылы, Жыланбұзған көшесі №127 үйде орналасқан Жыланбұзған жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылар саны 480 оқушы білім алып, тәрбиеленуде. Қазіргі таңда ұжымда 53 педагог қызмет жасайды.

Оқушылардың ұлттық құрамы: қазақ, өзбек, күрді, азербайжан,иран.

Жыланбұзған жалпы орта білім беретін мектебі барлық заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мектепте пәндік кабинеттер, физика, информатика, математика, химия, биология кабинеттері бар.

Мектеп кітапханасының қорында 14412 кітап бар. Оның 13315 оқулықтар, көркем әдебиеттер саны -1097.

Оқушылардың ұлттық құрамы: қазақ, өзбек, күрді, азербайжан,иран.
Жалпы оқушылар саны 450-ден асады.

МЕКТЕПТІ БАСҚАРҒАН АЗАМАТТАР:

2000-2004 жылдары – Умирбеков Юсуфали Чиналиевич

Жыланбұзған жалпы орта мектебінің алғаш ашылу кезеңіндегі барлық артылған міндет пен жүкті ұжымды біріктіре отырып, белсенді қызмет жасады. Ескі ғимаратты ретке келтіру, жаңа ғимаратты тұрғызу барысында көп еңбек сіңірді. Мұғалімдер ұжымы мен халықпен бірнеше рет асар ұйымдастырып, ауыл балаларының сапалы білім, жақсы тәрбие алуы жолында айтарлықтай жұмыстар атқарды.

Умирбеков Юсуфали Чиналиевич - 2008-2009 жылдары да білім ордасында директор қызметін атқарды.

 (2009 жылы айықпас дерттен өмірден ерте озды)

2004-2008 жылдары – Тулеметов Алимжан Анарметович

Мектепке басшылық жасау кезінде оқушылардың білімін дамыту мен саналы тәрбие беру бағытында талмай еңбек етті.

2009-2010 жылдары – Адилов Музаффар Балтабаевич мектепте басшылық етті

2010-2019 жылдары – Кочкарова Матлуба Иристай қызы

Мектепке басшылық жасаған кезінде өзінің білікті басшы екендігін көрсете білді. Мектептің көркеюі мен дамуына ерекше ден қойып, жақсы нәтижелерге жетуіне үлес қосты. Жаңа ғимарат салыну барысында өзіне тиісті міндеттерді абыроймен атқарып шықты. Осы жылдары мектеп ұстаздары мен оқушылары бірнеше облыстық, аудандық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын көтерді. 2019 жылы зейнеткерлікке шықты

2019 жылдан бастап – Алтаева Кулзира Пердешовна

 Білім ордасына директор болып тағайындалған күннен бастап өзінің тәжірибелі басшы, білімді маман, түйіткілдің шешімін тез таба білетін жан ретінде көрсетті. Мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, жұмысқа ынталандырып, мектеп абыройын көтеру бағытында қыруар жұмыстар атқарып келеді. Осы жылдар ішінде жүзден жүйрік болып, республикалық пән олимпиадасында І орын алған оқушыларымыз да болды. «Тәртіп жоқ жерде білім болмайды» қағидасымен жұмыс жүргізіп, рухани әрі әдістемелік көмек көрсете алатын білікті әрі мәртебелі басшы.