Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Жыланбұзған" жалпы білім беретін мектебі"
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің "Жыланбұзған" жалпы білім беретін мектеп" КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Жыланбұзған" жалпы білім беретін мектебі"
Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданының білім бөлімінің "Жыланбұзған" жалпы білім беретін мектеп" КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-jylanbuzgan.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.129): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/tolebi-jylanbuzgan.edu.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Алтаева Кулзира Пердешовна Түркістан облысының білім басқармасының Төлеби ауданы білім бөлімінің «Жыланбұзған» жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры лауазымын атқарып келеді.

Білімі жоғары, 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінің тарих-география пәні мұғалімі мамандығын, 2021 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ гуманитарлық ғылымдар магистрі мамандығы бойынша бітірген. 

Ғылыми дәрежесі және біліктілік санаты гуманитарлық ғылымдар магистрі, педагог-зерттеуші, басшы-менеджер.

Саладағы жұмыс өтілі 23 жыл

Алтаева Кулзира Пердешовна 2019 жылдан бастап Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Жыланбұзған ЖББМ директор лауазымында қызмет етіп келеді. Біліктілік санаты: «Педагог-зерттеуші». Педагог бірнеше рет кәсіби біліктілік байқауларына қатысты және оқушылары да республика, облыс деңгейлеріндегі олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары болды. 

 Педагог бірнеше рет кәсіби біліктілік байқауларына қатысты және оқушылары да республика, облыс деңгейлеріндегі олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары болды. 

Алтаева Күлзира Пердешқызы – саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған білікті ұстаз, тәжірибелі педагог-зерттеуші және ұйымдастыру қабілеті жоғары мектеп басшысы. Ол Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты «Жыланбұзған» жалпы білім беретін мектебінде директор лауазымында абыройлы еңбек етіп келеді. Мектеп басқару ісінде өзін жауапкершілігі жоғары, жаңашыл басшы ретінде танытқан Күлзира Пердешқызының жалпы еңбек өтілі – 23 жыл, оның ішінде осы білім ұжымындағы қызмет жолы 6 жылды құрайды.

Еңбек жолы және кәсіби жетістіктері 

Күлзира Пердешқызы өзінің еңбек жолын 2000 жылы тарих және география пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Ұлағатты ұстаздың алғашқы қадамдары №64 жалпы орта мектебінде қаланды. Ал 2002 жылдан бастап түрлі жауапты қызметтерді атқара жүріп, өзінің іскерлік, басқарушылық қабілеттерін көрсете білді:

  • №75 мектепте завуч-ұйымдастырушы (2002-2003 жж.);
  • №75 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (2003-2004 жж.);
  • «Болашақ» лагерінің директоры (2007-2011 жж., 2014-2017 жж.);
  • Шымкент қаласындағы №53 мектеп директоры (2011-2014 жж.);
  • «Шалунишка» балабақшасының директоры (2017-2019 жж.);

2019 жылдан бастап «Жыланбұзған» жалпы орта мектебінің директорлық қызметін абыроймен атқарып келеді. Оның басшылығымен мектеп ұжымы жаңа деңгейге көтеріліп, оқу-тәрбие үдерісі жаңаша серпін алды.

 

Біліктілігі мен жетістіктері 

Алтаева Күлзира Пердешқызы – «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатының иегері. Ол тек өз білімін жетілдірумен шектелмей, оқушыларының интеллектуалдық, рухани дамуына айрықша көңіл бөлетін ұстаз. Ұстаздың жетекшілігімен тәрбиеленген шәкірттері:

  • 2022 жылы республикалық олимпиада жүлдегерін дайындағаны үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2024 жылы аудандық «Озық іс-тәжірибе» байқауында 2-орын иеленді.
  • Ғылыми байқауда да оның шәкірттері 2-орынға лайық деп танылды.
  • Тілдер достастығын нығайтуға арналған іс-шараларда «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Оқушыларының жетістіктері қатарында ауыл олимпиадаларында жүлделі орындар ерекше орын алады. Атап айтқанда:

  • 2024 жылы ауыл олимпиадасының 2-орны (екі рет) және 3-орын.
  • 2021 жылы пәндер бойынша 3-орын.

Облыстық деңгейде де педагогтің еңбегі жемісті:

  • Жарияланған ғылыми еңбектері бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды (2 және 3-орындар).

Республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарда да ұстаздың шәкірттері үлкен нәтижелерге қол жеткізді:

  • «Жас ғалым» байқауында – 3-орын;
  • «Жыл оқушысы» атағында – 1-орын;
  • «Алтын түлек» халықаралық байқауында – 2-орын.

Күлзира Пердешқызы – мектептегі тәрбие мен оқу сапасын қатаң қадағалап, жаңа реформаларды ұтымды енгізе білген көшбасшы. Соңғы екі жылда білім ордасында құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген, бұл мектеп ұжымының тәрбие саласындағы жүйелі жұмысының нәтижесі. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының 80%-ға дейін түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына тартылуы ұстаздың әр оқушының жан-жақты дамуына баса назар аударатынын айғақтайды.

  • 2024 жылы мектеп бітірушілері арасынан 3-оқушы «Алтын белгі», 1 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

Күлзира Пердешқызы қызметтік міндеттерін үлгілі атқаруымен ерекшеленеді. Ол ұжымды ұйыстыра отырып, әріптестерімен бірге мектептің беделін арттыруға күш салып келеді. Педагогтің еңбегі білім беру саласының түрлі деңгейлерінде Алғыс хаттармен, марапаттармен бағаланып келеді.

Алтаева Күлзира Пердешқызының 23 жылдық еңбек жолы – шәкірт тәрбиесіне арналған үлкен еңбек пен адалдықтың көрінісі. Ол тек ұстаз емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен адамгершілік қасиеттерді сіңіре білген шебер тәлімгер, ұлағатты басшы. Оның еңбегі шәкірттерінің жетістіктерімен, ұжымының татулығымен және білім ордасының биік белестерге көтерілуімен айқындалады.

Пікірлер қосу

Қорғаныс коды